ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: 2016 жылы Ақтөбеде индустрияландыру аясында 313 жұмыс орны ашылады

2016 жылы Ақтөбеде индустрияландыру аясында 313 жұмыс орны ашылады, деді қала әкімі Бекбол Сағын «Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Ақтөбе 25 Сәуір, 18:14

Оның айтуынша, 2010-2015 жылдар аралығында жүзеге асқан индустрияландыру аясында облыс орталығында 45 инвестициялық жоба іске қосылды. Қорытындысында, жаңа экспортқа бейімделген жобалар іске қосылды. 2016 жылдың бірінші тоқсанында өндірістік өнім көлемі 84 млрд теңгені құрады.

«2016 жылы 5 жаңа өндірістік нысан пайдалануға беріледі. Оның құны 5,4 млрд теңге және 313 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, үй салу комбинаты, инновациялық кешен,  мұнай өндіретін кешен бар», - деді Б.Сағын.

Индустрияландыру картасы аясында Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Ақтөбеде жақын арадағы 4 жылда 346,9 млрд теңгенің 35 жобасын жүзеге асыру қарастырылған. 3953 жұмыс орнын құру қарастырылған.

 





Яндекс.Метрика