Білім беру

Алматылық оқушылар астрономия мен физика бойынша ғылыми жарысқа қатысты

Алматыда республикалық Төкен Омаров атындағы астрономия және ғарыш физикасы бойынша мектеп оқушыларының ғылыми жарысы өтті, деп хабарлайды Қазғарыш.
Алматы қаласы25 Сәуір , 18:47

Сәуір айының 17-і мен 25-і аралығында Алматыдағы Ұлттық ғылыми-практикалық обсерваториясының базасында, «Бөбек» білім беру және сауықтыру орталығында республикалық Төкен Омаров атындағы астрономия және ғарыш физикасы бойынша мектеп оқушыларының ғылыми жарысы өтті.

Айта кету керек, аталмыш іс-шара адам баласының алғаш ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Аталмыш жарысқа құрметті қонақ ретінде және қазылар алқасының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, үшінші қазақстандық ғарышкер, авиация полковнигі Айдын Айымбетов қатысты.




Яндекс.Метрика