Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қазалы ауданында жастар саясаты аясында 245 адам жұмыспен қамтылды

Қазалы ауданында жастар саясаты аясында 245 адам жұмыспен қамтылды,деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Қызылорда25 Сәуір , 19:43

«Бұл бағытта бөлінетін қаржы көлемі жағынан аудандар арасында Қазалы көш бастап тұр.2016 жылға 10 млн. теңге қаралған. Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 288 жастың 245-і тұрақты жұмысқа орналасса, қалғаны әлеуметтік жұмысқа тартылған», - деді  «Жас Орда» ЖҚБ төрағасы Ә.Қуаныш.

Кәсіппен айналысуға ниет білдіргендерге ай сайын аудандық жастар үйінде мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес беріліп келеді. Биыл «Жасыл ел» жасағына 100 жасты тарту көзделіп отыр. 

 




Яндекс.Метрика