Қазақстанда Қосалқы келісімшарт жасасу және өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылды

Бүгін ұлттық өнеркәсіпті дамыту мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қатысуымен жыл сайнығы форум шеңберінде Қосалқы келісімшарт жасасу және өнеркәсіптік кооперация орталығын таныстыру болып өтті. 2014 жылдың 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты жүзеге асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырып отыр.
Нұр-Сұлтан22 Сәуір , 12:08

«NADLoC» АҚ субконтрактация мен өнеркәсіптік кооперация орталығының директор орынбасары Дмитрий Усов айтып өткендей, өнеркәсіпті дамыту мен ИИДМБ іске асыру мақсатында елімізде индустриалдық қатынасхаттар жүргізіледі.

«Мысалы автокөлікті өндіруде: құрастыру өндірісі бар, бізде осындай зауыттар бар және автокөлік қосалқы бөлшектерден тұрады»,-деді ол.

Басқаша айтқанда, сарапшының айтуы бойынша, Қазақстан өзінің жеке кәсіпкерлік жүйесін дамытып, сыртқы нарық әсерінен шыққысы келеді.  

«Серіктес табылған кезде шағын және орта бизнес қатысады. Біз Қазақстанда осындай жүйені дамытқымыз келеді, біз өзін-өзі реттейтін жүйеден алшақтауымыз керек. Біз өз кәсіпкерлігімізге кетуіміз керек және өзімізде көптеген өнімдер бар екендігін түсіну керек. Біздің кәсіпкерлерді өсіретін түрлі бағдарламалар бар»,-деді ол.

Д.Усовтың айтуы бойынша, кәсіпорындарға өздерін нарықта көрсету қиынға түседі.

«Орталық бұл істі тез жасауға көмектеседі. Яғни, кәсіпорын ашылды, ол туралы және өзін туралы ақпаратты саласын, ал әлеуетті сатып алушы Қазақстанда осы сынды кәсіпорнның пайда болғанын көреді»,-деді ол.

Осымен қатар, таныстыру барысында орталықтың міндеті ортақ ақпараттық-іздеу жүйесін құру және өнеркәсіпте тапсырыстарды ұйымдастыру, ұйымдастыру және қосалқы мердігерлік алмасуды жүзеге асыру, ынтымақтастықта серіктестер табуға өнеркәсіптік кәсіпорындарға консультациялық қолдау ұйымдастыру болып табылады.

Осы бағытты дамыту шеңберінде «NADLoC» АҚ көмегімен  «Қазтеміртранс» АҚ және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ арасында қосалқы келісімшарт жасасу бойынша негіздемелік келісімге қол жеткізілді. Бұл келісім  республикада машинажасау саласының әрі қарай дамуына түрткі болмақ.

Индира Қауметова      




Яндекс.Метрика