Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Қазақстанда жем-шөп дақылдарының алқаптары ұлғайтылады - Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімдіктерінің, «ҚазАгро» холдингінің және «Қазагроинновация» акционерлік қоғамының арасында ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқаптарды әртараптандыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған меморандумдар жасалды, деп хабарлады бүгін ведомствоның селекторлық кеңесінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев.
Казахстан22 Қаңтар , 00:00

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында және жем-шөп, майлы, бұршақ дақылдары егілетін алқаптарды кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімдіктерінің, «ҚазАгро» холдингінің және «Қазагроинновация» акционерлік қоғамының арасында ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқаптарды әртараптандыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған меморандумдар жасалды», деді М.Өмірияев.

Оның айтуынша, 2013 жылы 21,3 млн га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда, бұл 2012 жылғы деңгейден 1% аз, ал көктемгі егістіктің алқабы 18,5 млн га құрайды.

Ал дәнді дақылдар 15,9 млн га алқапқа егіледі, оның ішінде 13,1 млн га жерге – бидай егілмек. Бидай алқаптарын 329 мың га (2,4%), күріш алқабын - на 6 мың га (6,5%) қысқарту жоспарланып отыр, есесіне жүгері егілетін алқаптар - 4,8 мың га, дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар егілетін алқапты - 22 мың га арттыру жоспарлануда. Көкөніс алқаптары - 2,1 мың га, жем-шөп алқаптары -124,1 мың га артады.

Бүгінгі таңда 14 облыстың тек төртеуі ғана меморандумда қарастырылған ауыл шаруашылығы дақылдары себілетін алқаптардың индикативтік көрсеткіштері бойынша 2012-2016 жылдарға арналған стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға өзгертулер енгізілді. 




Яндекс.Метрика