Алматы облысында жеміс бақтарының көлемі 20 мың гектарға жетті

Мемлекеттік қолдау арқасында облыстағы бақтар алаңы 20 мың гектарға жетті, оның ішінде екі мың гектары – апорт бақтары. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы туралы өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы19 Сәуір , 10:58

Облыс басшысының айтуынша, биылғы жылы инвесторлардың қатысуымен 1350 гектар интенсивті бақтар отырғызу жоспарлануда.

Мәселен, Панфилов ауданында «Жаркент Фрукт» ЖШС «Ордабасы» Корпорациясы инвесторымен бірге 1000 га алаңға бақ отырғызды және  «Raimbek Group» Ұйғыр ауданының «Алма Продэкс» ЖШС-мен бірге 150 га отырғызды.

Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылында «Керуен» агрофирмасы неміс эко-технологиясы бойынша алма өсіру, сақтау және өңдеу жөніндегі кластер құрылады, ағымдағы жылы бақтар алаңы 600 га жеткізіледі.

Сонымен қатар облыста ҚХР, Иран, Кипр инвесторларымен  бірлесіп 8 жобаны жүзеге асыру мәселелері пысықталды, оның ішінде энергетика саласындағы үш жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ іске асыруда.




Яндекс.Метрика