Үкімет

Үкіметтің қызметі 2050 стратегиясын орындауға бағытталатын болады – Келімбетов

Қазақстан Үкіметінің қызметі Президенттің 2050 стратегиясында қойылған міндеттерді орындауға бағытталатын болады. Бұл туралы вице-премьер Қайрат Келімбетов strategy2050.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
Астана қаласы17 Желтоксан , 00:00

«Әрбір Жолдау жалпыұлттық іс-әрекеттер жоспарына айналуы тиіс. Бірқатар тапсырмалар берілді. Оны одан әрі дамытуда Үкімет жұмысының жоспары әзірленетін болады. Қазірдің өзінде көптеген ішкі нақты тапсырмалар бар: индустриялдық-инновациялық дамудың келесі бес жылдық жоспары, жасыл экономика стратегиясын дамыту, Әлеуметтік жаңғырту стратегиясын іске асыру керек. Яғни, бұл 2050 жылға дейін негізге алынатын құжаттың дамуында өте көп нақты стратегиялар мен бағдарламалар қабылданды. 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті қойылып отыр. Енді Үкіметтің барлық қызметі осы міндеттерді орындауға бағытталатын болады», - деді Келімбетов. 




Яндекс.Метрика