Жаңа кадрлық саясат

Қазақстандық мемқызметтің үлгісі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды – Ә. Бәйменов

Қазақстандық мемқызметтің үлгісі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Бәйменов хабарлады.
Астана қаласы19 Қараша , 17:16

«Біздің үлгіміз халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болуда. Әрине, кез-келген мемлекеттің азаматтары келеңсіздіктер мен кемшіліктерді көреді, әрі ол прогресстің қозғаушы күші болып табылады. Алайда, көптеген елдерде мемлекеттік қызмет реформасын өздері жүзеге асырған сарапшылар мен біздің өңіріміздің сарапшылары Мемлекет басшысының арқасында Қазақстан кәсіби мемлекеттік қызмет бағытына қарай қарышты қадам жасады деп атап айтуда», - деді Ә.Бәйменов.

Спикердің айтуынша,  аймақтағы мемлекеттер үшiн Президенттiң саяси қызметшiлердiң лауазымдарының санын 8 рет қысқартуы теңдессiз шешiм боп табылады. Бұл кәсiбилендiруге бағытталған шешiм.

«Кеше мен Ресейдiң халық шаруашылығы және Мемлекеттiк қызмет академиясында магистрантар мен докторанттарға бiздiң мемлекеттiк қызмет үлгiсi жөнiнде дәрiс оқыдым және олардың сарапшылары мен профессорларына аталған тақырыпта арнайы семинар өткiздiк. Сонда байқағанымыз, Ресейдiң жетекшi сарапшылары бiздiң реформаларға үлкен қызығушылықпен қарауда және олар бұл реформаның мемлекеттiк қызмет үлгiсiнiң жаңа кезеңге өткенiнiң шешушi факторы ретiнде Елбасының саяси жiгерi екенiн жасырмай ашық айтып отыр», - деді Ә. Бәйменов.

«Біз тестілеуді конкурстық тапсырмалардан ажыраттық. Қорытындысында мемлекеттік органдар арасында конкурстарды өткізу 3 есеге қысқарды. Сондай-ақ, қауіпсіздікті арттыру барысының жүзеге асуы бойынша  2011 жылы орташа есеппен  75 үміткер сыннан өтсе, ағымдағы жылы оның саны 54 пайызға дейін қысқарды», - деді Ә. Бәйменов. 




Яндекс.Метрика