Су ресурстарына қатысты саясат

Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлетін құрылыстар салуға келісті

Бүгін Астанада Трансшекаралық өзендер жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Казахстан22 Қаңтар , 00:00

«Комиссия жұмысының қорытындысын Қазақстан  үшін нәтижелі деп бағалауға болады.   Бірнеше орташа және  ұсақ трансшекаралық  және  шекара  өзендерінде су бөлуші  құрылғылар салу   туралы шешім қабылданды», -делінген ведомство хабарламасында.

Оған  қоса,  тараптар  екі елдің су  ресурстарын  бағалау  жөніндегі ғылыми жұмыстарды   2014  жылы аяқтауға келісті,   аталған  жұмыстар  2015 жылы әзірленетін   Қазақстан  Республикасы мен  Қытай Халық  Республикасының арасындағы  су бөлісу  жөніндегі  келісімге   негіз болады.
Отырыста  сондай-ақ тау биіктеріндегі  мұздықты өзендерден  жүретін  көшкіндердің алдын алу мақсатында Қорғас өзенінде бірлескен нысанның құрылысы жоспарланды.
Тараптар, Қазақстан мен Қытай арасындағы  су мәселелерінде  ілгерілеушіліктің бар  екенін баса атап  көрсетіп отыр. 




Яндекс.Метрика