Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Тараз маңында жобалық құны 1,2 млрд теңге болатын сүт-тауар фермасы пайда болады

Тараз маңындағы Жамбыл ауданы Ақбулым ауылында жобалық құны 1,2 млрд теңге сүт-тауар фермасы пайда болады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жамбыл26 Наурыз , 00:00

Тараздық «Астана-Самсон Трейд» ЖШС 250 сиырға есептелген сүт-тауар фермасының құрылыс жобасын іске асырады.

«Бұл жобаны іске асыру арқылы жоғары мал өнімділігі есебінен өзіндік құны төмен сапалы сүт өндіру қамтамасыз етіледі, - деп түсіндірді компания басшысы З.Джанашия. - Жоба жоғары өнімді сүтті ірі қара тұқымы негізінде сүтті мал шаруашылығының жаңа ілкі технологияларын енгізуге мүмкіндік береді».

Сонымен бірге, жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, фермерден тұтынушыға өнімді жеткізудің бақыланатын тізбегін ұйымдастыру, сонымен бірге ауыл шаруашылығы тауар өндіру тиімділігін көтеру мақсатын көздейді.

Сүт-тауар фермасы жобасын 2013-2014 жылдары іске асыру жоспарланған.

Қосымша 16 жұмыс орны ашылады.

Жоба «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржы институтына ұсынылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.




Яндекс.Метрика