Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Былтыр Қазақстанда ауыл тұрғындарына 3,14 млрд. теңгенің 3,7 мыңдай шағын несиесі берілді

Қазақстан Республикасында 2012 жылы шағын несиелендіру бағдарламасының аясынла Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жалпы сомасы 3, 14 млрд. теңгенің 3 732 шағын несиесін берді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
Казахстан21 Қаңтар , 00:00


«Бағдарламаны жүзеге асыру асыру барысында Шағын несиелендіру қоры ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 17,9 млрд. теңгенің 66 662 микрокредитін берді. Оның ішінде, өткен жылы  жалпы сомасы 3,14 млрд теңгенің 3 732 микрокредиті  берілген», - делінген қордың хабарламасында.
Қаржылық ұйымның хабарлауынша, шағын несиелендіру аясында 71 695 адам жұмыспен ұамтылды, 383 мың бас мал сатып алынды және 52 мың гектардан астам алқапқа егін егілді.
2012 жылы берілген барлық шағын несиенің 90,7% - мал шаруашылығына жұмсалса, 2,3%, - егін шаруашылығына, 7% -қалған бизнес түрлеріне жұмсалды.
Жалпы алғанда былтыр ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға несиелендірудің түрлі бағдарламалары бойынша Қор 11,2 млрд. теңге жұмсады.
Айта кету керек, өңірлердің арасында Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары  Қордың несиелік өнімдерін белсенді тұтынуда. 
 




Яндекс.Метрика