Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Т.Донақов: Мемлекеттік қызметтегі шетелдік мамандар жалақыларын арнайы қордан алады

Шетелдіктер мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметкер ретінде шақыртылмайды, олар тек еңбек шарттарына сәйкес өз міндеттерін атқарады. Мемлекеттік қызметтегі шетелдік мамандар жалақыларын арнайы қордан алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақов мəлім етті.
Астана қаласы30 Наурыз , 18:12

«Бұл жерде мемлекеттік аппаратқа шетелдік тәжірибесін бере алатын шетелдік мамандар туралы айтылуда. Олар шетелдіктер екендігін ескере отырып, олар үшін мемлекеттік аппаратқа келу үшін арнайы тәртіптер болады және арнайы келісімшарт жасалады. Олар тұжырымдаманы кадрлық жұмыс бойынша Ұлттық комиссиядан алатын болады. Сонымен бірге, олар тиісті тексеруден өтеді»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, аталмыш шара арқасында Қазақстанда жоқ мамандарды тартады. «Олар дамыған шетелдік елдерде бар  технология мен тәжірибені біледі»,-деп толықтырды министр.

Сонымен қатар, Т.Донақов шетелдік мамандар жалақыларын арнайы қордан алатындығын айтты. «Салалық министрліктер қатары бар, олар жобаларына шетелдік мамандарды тартуға қызығушылық білдіреді»,-деді ол.

Бұрындары хабарлағандай, Шетелдіктер мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметкер ретінде шақыртылмайды, олар тек еңбек шарттарына сәйкес өз міндеттерін атқарады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына түзетулер енгізілуіне орай, уәкілетті комиссияның шешіміне орай мемлекеттік қызмет шетелдік жұмыскерлерді қабылдай алады.

Заң қызметіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика