Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Д.Назарбаева: Қоғамдық кеңестер Парламенттің прототипі болуы керек

Қоғамдық кеңестер қоғамдық парламенттің прототипі болуы керек, олар өз ішінде жұмысты бағыт бойынша құрастыруы керек, деді Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева ОКҚ-дағы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде.
Астана қаласы30 Наурыз , 18:04

«Қоғамда қоғамдық кеңестерге деген күмәншылдықпен қарауды түсінемін. Ол бізде бар. Тәжірибе де бар: сәтті жағдай мен қолайсыз сәттер. Заңнамалық түрде қоғамдық кеңестер институцияланған болды. Бүгінде қоғамдық кеңес өкілдері қалай сайланатындығы туралы заң бар», - деді Д.Назарбаева.

Вице-премьер атап өткендей, ел бойынша  жергілікті атқарушы органдар жанынан 197 қоғамдық кеңес құрылды.

«Орталық мемлекеттік органдар жанында 12 қоғамдық кеңес құрылды. Қоғамдық кеңестердің 70 пайызы – азаматтық қоғам өкілдері. Бұл үкіметтік емес ұйымдар, саяси партия өкілдері, БАҚ және сарапшылар, осы және өзге салада жетік білімі бар мамандар», - деді Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, осы салада бұрын соңды жұмыс істеген  сарапшылар құжаттардың сараптамасын жасай алады.

«Қоғамдық кеңестер қоғамдық парламенттің прототипі болуы керек. Олар Парламенттегі жұмысты бағыттаулары керек», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика