Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҰЭМ: 2016 жылы жобалық жұмыстардың барлық түрлерінің 50% бәсекелес ортаға берілетін болады

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жобалық жұмыстардың барлық түрлерінің 50% бәсекелес ортаға берілетін болады. 2019 жылға қарай 90% жұмыс беріледі деп жоспарлануда, тек күрделі жобалар ғана кірмейді, деп ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Астана қаласы30 Наурыз , 17:48

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жобалық жұмыстардың барлық түрлерінің 50% бәсекелес ортаға берілетін болады. 2019 жылға қарай 90% жұмыс беріледі деп жоспарлануда, тек күрделі жобалар ғана кірмейді. Шындығында, қазіргі мемлекеттік сараптама қайта болады. Бүгінгі күні ҰЭМ жанында 42 компания аккредитталды, оларға тиісті талаптар қойылды – білікті кадрлардың болуы, осы сынды жұмыстарды атқара алулары. Бұл көптеген жылдар бойы нарықтың сұраныстағы мәселесі»-деді ол.

Сонымен қатар Е.Досаев жылдың соңында мониторинг барысында қай компаниялардың тапсырмаларды орындай алғандығын көре алатындығын атап өтті.

«Бүгіндері шектеу жоқ, электрондық портал арқылы кез-келген біліктілігі бар компания тіркеле алады»,-деді ол.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика