Ұлт жоспары 100 нақты қадам

2016 жылы Қазақстанда тасымалдау көлемін 90 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланған

2016 жылы Қазақстанда тасымалдау көлемін 90 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланған Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Астана қаласы30 Наурыз , 17:32

«Еліміздің транзиттік көлік әлеуетін дамыту еліміздің көлік жүйесінің дамуының негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Еуразиялық тарнсконтиненталдық  дәліз сынды жобасын дамытудың бірінші кезеңі 2015 жылы басталды. Тасымалдау контейнері бойынша жай статистиканы алатын болсақ, 2015 жылдың қорытындысы бойынша стандартты деп аталатын 47 мың контейнер тасымалданды ,-деді ол.

Министрдің айтуынша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 47 мың контейнер тасымалданды. 2016 жылы оның көлемін 90 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған. Потенциалды 2020 жылға дейін оның көрсеткіші жылына 1 млн 900 мың  контейнерге өсуі мүмкін.

«Егер 2016 жылдың жоспарына тоқталатын болсақ – тасымалдау көлемін 90 мыңға жеткізу туралы жоспарымыз бар. Ал, 2020 жылға дейін оны жылына 1 млн 900 мың контейнерге дейін жеткізуіміз керек. Егер тасымалдау бойынша жалпы жоспар туралы айтатын болсақ қазіргі 18 млн тоннаны 2020 жылға дейін оның көлемін 15 млн тоннаға өсіріп, 33 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.  Ол үшін бүгіндері барлық қатысушы елдермен консорциум жасалды , яғни Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия дәліздері бойынша, сонымен қатар «Номад-экспресс» жасалды – бұл бірінші пилотты контейнерлік пойыздар және олар Грузия мен Түркия бағыттары бойынша жүргізілді, сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы және Иранға дейінгі жаңа т/ж өткен жобалар болды»,-деді ол.

Осылайша, министрдің айтып өткеніндей, Еуропалық Одақ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды дамытып және тереңдете отырып, сонымен қатар ирандық нарықты ашумен Еуразиялық трансконтиненталдық дәліз жобасын іске асыру жоспарланған.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика