Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Медициналық мекемелер сақтандырудың талаптарына сәйкестік бойынша тексерістен өтеді - Назарбаев

Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынының басшылық қызметтеріне шетелдіктерді шақыруға дайын. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты.
Астана қаласы30 Наурыз , 17:18

«Қазір Денсаулық сақтау министрлігі, жалпы Үкімет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттағы еліміздің алғашқы тәжірибесі бәріміздің есімізде, одан ештеңе шықпағанын білеміз. Сондықтан осы қателіктерге жол бермеу үшін біз шетелдік сарапшылардың жобаға тартылғанын қолдаймыз. Тіпті оларды осы қордың басшылық қызметтеріне шақыруға дайынбыз», - деді Дариға Назарбаева тілшілердің елге шетелдік мамандарды тарту туралы сауалына жауап бере отырып.

Вице-Премьер атап өткендей, Медициналық сақтандыру қоры тексеріске өзінің механизмденрін қосады. Сақтандыру қоры кез келген мемлекеттік  мекемемен келісім орнатпас бұрын  оның рұқсат ету құжаттарын тексеруі керек.

«Жыл бойы бақылау жүргізілетін болады. Барлығы автоматтандырылуы керек. Ауқымды жұмыс атқару қажет», - деді Д.Назарбаева.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика