Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Е.Тоғжанов: Қазақстанда Ұлт жоспарының төртінші реформасын жүзеге асыруда жаңа құқықтық база іске қосылды

Бүгінгі таңда қазақстандық халықтың бірлігі мен біртектілігін нығайтуға бағытталған Ұлт жоспарының төртінші реформасын жүзеге асыруда жаңа құқықтық база іске қосылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан xалқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Астана қаласы30 Наурыз , 17:12

«Төртінші реформадағы бірлік пен біртектілік алты қадамды біріктіреді. Бірінші қадам аясында ҚХА туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ұлт Жоспары» «100 нақты қадам» аясында бірлік пен біртектілікті қалыптастыру мақсаттары қойылған. Ол мақсат бірнеше бағыт бойынша дамытылады. Бүгінде осы бағытта 33 нормативтік акт қабылданды. ҚР Парламент деңгейінде 5 ірі заңға қол қойылды. Мемлекет Басшысының 5 Жарлығы мен Үкіметтің 12 Қаулысы қабылданды және бүгінде жүзеге асырылуда. Бұл реформалар Қазақстан xалқы Ассамблеясы негізінде іске асады. Себебі, елдің бірлігі әрқашанда тәуелсіздіктің тірегі болып қала береді. Ол - ел дамуының негізгі құндылықтарының бірі. Егер 30 дамыған елдің қатарына енуге талпынатын болсақ, еліміздің туын жоғары көтеріп, экономикалық-әлеуметтік сұрағын да шешеміз дейтін болсақ, алдымен қоғамдық келісімді, еліміздің тұрақты дамуын тікелей қамтамасыз етуіміз керек»,-деді Ералы Тоғжанов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика