Ұлт жоспары 100 нақты қадам

«Азаматтар үшін үкімет» корпорациясы алдағы уақытта 522 мемлекеттік қызмет көрсетеді – Назарбаева

«Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы алдағы уақытта 522 мемлекеттік қызмет көрсетеді, болашақта оның саны 709-ға дейін жетеді. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты.
Астана қаласы30 Наурыз , 16:57

«Қазір Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және жалпы Үкімет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бірінші тәжірибе негативті болды және медициналық сақтандыруға кейбір түңілушілік бар. Осы кемшіліктерден алшақ болу үшін, біз әрдайым осы жоба бойынша шетелдік сарапшылардың жұмысын қолдаймыз және оларды осы қорға басқару қызметіне шақыруға дайынбыз»,-деді Д.Назарбаева.

Осыған орай вице-Премьер «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірегей жоба екендігін атап өтті.

«Ол өзінде көптеген министрліктерліктерді алмастыратын болады. Төрт РМК бірікті-бұл жалпы алғанда штаттағы 24 мың адам. «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясына көшу, келешекте 522 мемлекеттік қызметті құрайтын болады, ал екінші кезеңде 709 болады»,-деді Д.Назарбаева.

Вице-Премьердің айтуынша, Грузияның жақсы тәжірибесі бар.

«Біз грузиялық әріптестерімізді шақырдық және олар бізбен жұмыстарымен бөліседі. Оларда осындай институт Әділет үйі деп аталады және бүгінгі күні ол жерде бір терезе арқылы мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Біз шетелдік сарапшыларды кеңесші болуға немесе мемлекеттік корпорацияның барсқару қызметінде орын алуға шақырамыз. Оның барлығы болашақта қателіктер жібермес үшін олардың тәжірибесін үйренуге жасалады»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика