Өңірлер

Нұрлан Ноғаев «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары А.Мырзахметов облыстық партия филиалының кезектен тыс конференциясына қатысты, деп хабарлады “Нұр Отан” партиясының Атырау облыстық филиалы.
Атырау30 Наурыз , 19:13

Шара барысында Атырау облыстық партия филиалының жаңа төрағасы болып облыс әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы сайланды.

А.Мырзахметов өз сөзінде Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланған Б.Ізмұхамбетовке Атыраудағы облыстық филиал төрағасы лауазымында үш жарым жылдан астам уақыт ішінде атқарған еңбегі үшін ризашылығын білдірді. Ал партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалын 5 жылдай мерзімде табысты басқарған Атырау облыстық филиалының жаңа басшысы Н.Ноғаевты құттықтай келе, Елбасының партия алдына қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.

Конференция барысында Төрағаның Бірінші орынбасары әріптестерін өткен Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауындағы ортақ жеңіспен құттықтады.

Электоралдық науқан барысында бүкіл елді аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізген Республикалық сайлауалды штаб өкілдерімен қатар, 16 аймақтық және 208 аумақтық сайлауалды штабтары құрамында 30 мыңнан астам партия белсенділері күнделікті қызмет атқарды. Тек Атырау облысында ғана 126 мыңға жуық үй шаруашылықтарында кездесулер өткізілді. Және де облыс сайлаушыларының 85%-ға жуығы «Нұр Отан» партиясы үшін дауыс бергені – бұл осы өңірдегі барша партия белсенділерінің ауқымды еңбегінің жемісі екені айтылды.

Сондай-ақ А.Мырзахметов жуырда өткен партия Саяси кеңесі Бюросының отырысында Мемлекет басшысының партия алдына қойған міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.


 




Яндекс.Метрика