Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда сомасы 2,2 млрд. АҚШ доллары болатын зәкірлік инвесторлардың қатысуымен 16 жоба жүзеге асады

Қазақстанда сомасы 2,2 млрд. АҚШ доллары болатын 16 жобаны жүзеге асыру үшін зәкірлік инвесторларды тарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру» тақырыбына арналған Ұлттық комиссия мүшелерінің Жаңғырту жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы30 Наурыз , 16:27

«Бүгінгі таңда сомасы 2,2 млрд. АҚШ доллары болатын 16 жобаны жүзеге асыру үшін зәкірлік инвесторларды тарту жұмыстары жүріп жатыр. Олар: фармацевтика, агроөнеркәсіп кешені, химиялық өндіріс және өндіріс материалдары»,-деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша,  2015 жылы зәкірлік инвесторлардың және трансұлттық корпорациялардың қатысуымен төрт жаңа өндіріс іске қосылған. Сондай-ақ, 6 компания қайта инвестицияланған. Бұл инвестициялардың жалпы сомасы 250 млн. АҚШ долларын құрайды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика