Ұлт жоспары 100 нақты қадам

М.Бекетаев: 2016 жылы Қазақстанда 7 түзету мекемесін жабу жоспарланып отыр

2016 жылы Қазақстанда 7 түзету мекемесін жабу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысыны орынбасары Марат Бекетаев мәлім етті.
Астана қаласы30 Наурыз , 16:19

«2016 жылдан бастап жергілікті полиция қызметі жұмысын бастады. Барлық кадрлық мәселедер шешілді. 25 мыңнан астам қызметкер тағайындалды. Өткен жылдан бастап республика бойынша учаскелік инспекторлардың халықпен 25 мыңнан астам есептік кездесуі өтті», – деді М.Бекетаев.

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ орталық аппараты, Астана мен Алматы қалаларының және 14 облыстың ІІД жанынан полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне халықтың шағымдарын қарау бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. Сондай-ақ сәйкес қоғамдық кеңестер барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінде жұмысын бастады.

«2013 жылдан бастап түрме халқы 21 пайызға қысқарды. Сотталушылардың санының азаюына байланысты биыл 7 түзету мекемесін жабу жоспарланған», – деді ол.

Айта кетейік, жол-потрульдік полиция үшін 9 332 видеотіркеуіш сатып алынды, бұл қажеттіліктің 55%-ын құрайды. Жылдың соңына дейін құқық қорғаушылар тағы осындай 2 500 құрылғымен қамтамасыз етілмек.

 




Яндекс.Метрика