Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР құқық қорғау органы 2017 жылдан бастап заңнаманы білу мен жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеуден өтеді

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң Құқық қорғау органына да қолданылады. 2017 жылдан бастап Құқық қорғау органы заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеуден өтеді. Бұл туралы деп ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі Талғат Донаков айтты.
Астана қаласы30 Наурыз , 15:46

Министрлікте мемлекеттік қызмет істері бойынша, Президенттің шешімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  саясаты құрылған, сыбайлас жемқорлықты және т.б  тексеру үшін жаңа институттар енгізілді. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң құқық қорғау органына да қолданылатын болады. Осындай адамдар 2017 жылдан бастап заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеуден өтеді»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, «100 нақты қадам» - бұл ішкі жаһандық сын-қатерлерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған елдің қатарына кіру.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика