Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Д.Назарбаева: Ұлт жоспары қазақстандықтардың өмір сүру сапасын ЭЫДҰ елдеріне жеткізуге бағытталған

Ұлт жоспары қазақстандықтардың өмір сүру сапасын ЭЫДҰ елдеріне жеткізуге бағытталған, деді Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева ОКҚ-дағы Жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің қатысуымен өтіп жаьқан баспасөз конференциясында.
Астана қаласы30 Наурыз , 15:42

 «Жаңа жылдан бері елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін Президент Жарлығы бойынша арнайы ұлттық комиссия құрылып, негізгі ұйымдастыру жұмыстары өткен жылы басталып кеткен болатын. Содан бері бірталай жұмыстар атқарылды. Бес жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Парламент депутаттары, отандық дәне халықаралық сарапшылар тартылды. Бұл жұмыс топтарының жетекшілері бүгін сауалдарға жауап береді», - деді баспасөз мәслихатында бірінші болып сөз алған Дариға Назарбаева.

Вице-премьердің атап өтуінше, комиссия жұмысы Елбасының тұрақты бақылауында. Аз ғана уақыттың ішінде ұлттық комиссияның 48 отырысы өткен. Әлемдік стандарттарға сай келетін 59 заң қабылданып, 400-ден астам нормативтік-құқықтық актілер дайындалды.

«Сондай-ақ, инвесторларға 350 қызмет көрсету бойынша «бір терезе» жүйесі ашылды. ҚХА реформасы өткізілді. «Азаматтарға арналған Үкімет» мемкорпорациясы құрылды.  Қазір онда 4 РМК – ХҚКО, Жылжымайтын мүлік  орталығы, Ғылыми – өндірістік жер орталығы, зейнетақы берудің мемлекеттік орталығы бар. Ұлт жоспарының одан әрі жүзеге асырылуының негізі қаланды», - деді Д.Назарбаева.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыру  жаңа деңгейге шығып,  барша қазақстандықтардың өмірін жақсарту мен экономикалық өсімді нығайтуға мүмкіндік  береді.

«Ұлт жоспары қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Оның стандарты ЭЫҰД стандартына сай. Әрбір азамат жаңа мүмкіндіктер ашылып, жағдай жасалуда», - деді Д.Назарбаева.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика