Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Т.Донақов: Қазақстанда мемлекеттік қызметке кіру және өсу тәртібі жаңғыртылды

ҚР-да мемлекеттік қызметке кіру және өсу тәртібі жаңғыртылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі Талғат Донақов «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру» тақырыбына арналған Ұлттық комиссия мүшелерінің Жаңғырту жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген баспасөз мәслихатында айтты.
Астана қаласы 30 Наурыз, 15:37

«Ұлт жоспарының алғашқы үш қадамы мемлекеттік аппараттың сапасын арттыруды қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта мемлекеттік қызметке кіру және өсу тәртібі жаңғыртылды. Сонымен қатар, мамандарды іріктеудің ұшсатылы жүйесі енгізілді. Мамандарды іріктеуде біліктілікті қамтамасыз ету үшін жаңа жылдан бастап жеке сапа тәсілі енгізілді. Жаңадан келгендердің сәтті бейімделулері үшін міндетті сынақ мерзімі енгізілді.  Мемлекеттік қызметкердің тиімді жұмыс істеуі заңмен бекітіліп, еңбекақысы жұмысының нәтижесіне қарай белгіленетін болды»,-деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкер жұмыс барысымен басқа жаққа ауысатын болса, жекешеліндіруге жатпайтын қызметтік баспана берілетін болады. «Мемлекеттік қызметкердің тұрақты оқуға барып тұруы, олардың алдын ала дайындығы мен дәрежесінің көтерілуі заңнамалық тұрғыдан бекітілген жүйе»,-деді ол.

Еске сала кетейік, «100 нақты қадам» - бұл сыртқы және ішкі түрлі жағдайларға жауап және Ұлт жоспары дамыған 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндік беретін кешенді жоспар.

 

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика