Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Д.Назарбаева: Қазақстан 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа құқықтық институционалдық ортада өмір сүруде (ФОТО)

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан жаңа құқықтық институционалдық ортада өмір сүруде, ол 59 заңнан және 400-ден астам құқықтық актілерден құралған, деп ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты.
Астана қаласы 30 Наурыз, 15:21

«Қазір біз сіздерді жұмыстың аралық қорытындысы туралы ақпараттандыра аламыз. Өздерініз білетіндей, 2015 жылдың 30 сәуір айында Мемлекет басшысының қаулысымен жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия жасалды. Өткен жылдың мамыр айында халыққа Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жария етілді»,-деді Д.Назарбаева.

 ҚР Премьер-министрінің орынбасары айтып өткендей, Ұлт жоспарының барлық іс-шаралары халықаралық сараптамадан өтті. Ол жерде ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкестігі тексерілді.

«Осы уақыт ішінде Ұлттық комиссия заңнамалар мен 5 институционалды реформаның бастамасында айтарлықтай жұмыстар атқарды. 48 отырыс өткізілді, Ұлттық комиссияның жұмысы Елбасының жеке бақылауына алынған. Осы жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа құқықтық институционалдық ортада өмір сүруде, ол 59 заңнан және 400-ден астам құқықтық актілерден құралған»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика