Өңірлер

Қарағанды облысындағы екі ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Қарағанды облысында Абай ауданы Курминсткое ауылында және Бұқар-Жырау ауданы Баймырза ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Әлеуметтік нысандардың ашылу рәсіміне өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды30 Наурыз , 16:08

Курминское ауылында дәрігерлік амбулатория тұрғын үйдің бірінші қабатында қосалқы үйжайда орналасқан болатын. Ал, Баймырза ауылында дәрігерлер бұрынғы музыкалық мектеп ғимаратында жұмыс істеді. Жаңа амбулатория барлық санитарлық стандарттарды сақтай отырып салынды, қажетті жабдықпен жарақталды.

Әр мекемені салуға бюджеттен 51 млн-нан астам теңге қаражат бөлінді.

«Өңірде денсаулық сақтауды дамыту жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы жаңа 27 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беру жоспарланған. Таяуда Қарағандыда күрделі жөндеуден кейін облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық корпусы ашылды. Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында УДЗ-диагностиканың 3 жаңа кабинеті пайда болды. Теміртау қаласында Мақажанов атындағы клиниканың филиалы ашылды. 800 млн теңгеден астам қаражат денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге бағытталды», - деді Н. Әбдібеков.

Жаңа дәрігерлік амбулаторияларды салу «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емхана» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

 

 




Яндекс.Метрика