Адами капитал

ҚР Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері әуе нысаналарын айқындау бойынша жауынгерлік тапсырмаларды пысықтады (ФОТО)

ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінде радиотехникалық бөлімшелердің тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды. Радиолокациялық станциялардың есептоптары жинау бойынша нормативтерді орындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 30 Наурыз, 19:51

Есептоптар қосалқы позицияға марш жасады, онда автономды режімде техника өрістетілді, әскери қызметшілер өзінің авиациясын уақтылы анықтау және сүйемеледеу, сондай-ақ қарсыластың әуе барлауының жүргізілуін ұйымдастыру үшін жауапкершілік аймағында жауынгерлік кезекшілікті атқару бойынша тапсырманы орындауға кірісті. 

 «Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ қарсыластың әуе нысаналарын анықтау және сүйемелдеу бойынша қойылған тапсырмаларды сәтті орындау үшін жеке құрамға қажетті қасиеттерді бойларына сіңірту мәселелері пысықталды», - деді 25750 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Тұрсынжан Миталипов.

Практикалық оқу-жаттығуларда әуе нысаналарын анықтау бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындаған әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің барлық радиотехникалық бөлімшелері тартылды.

«Әрбір командирдің, бастықтың, сержанттың тапсырмасы мен міндеті оқу процесін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғаларды және жеке құрамның қаза болуын болдырмай бағыныстылардың даярлық деңгейін арттыру болып табылады.  Бірінші, екінші бағыныстыны дайындай отырып, сен тұтастай жауынгерлік қабілетті бөлімше дайындайсың», - деді майор Миталипов.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жеке құрамы алдында тұрған басты міндет – ол әуе шекараларын күзету бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік, саяси және экономикалық орталықтарын қорғау екенін айта кетейік.  





Яндекс.Метрика