Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Г.Әбдіқалықованың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті (ФОТО)

Бүгін елордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан 30 Наурыз, 11:57

Комиссия отырысында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» және Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасын іске асырудың заңдылығын сақтау және тиімділігі мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова қаралатын бағдарламалар халықтың тыныс-тршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, ауыз сумен қамтамасыз етуге, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ауыл шаруашылығын қаржылық сауықтыруға бағытталғанын атап өтті. Осыған орай, Елбасының тапсырмаларына сәйкес орталықта да, жергілікті жерлерде де бағдарламалардың ережелерін уақтылы және тиімді орындау маңызды.

Сонымен қатар, құқық қорғау және бақылаушы органдар аталған қос бағдарламаны іске асыру кезіндегі заң бұзушылық, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және ысырап ету фактілерін анықтап жатыр. Бұл ретте, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде болатынын да айта кету керек. Осы орайда, комиссия тарапынан Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, жергілікті атқарушы органдарға сыбайлас жемқорлық сын-қатерлеріне ішкі талдау жүргізу ұсынылды.

Отырысты қорытындылай отырып, Мемлекеттік хатшы жаңадан қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті уақтылы өткізудің қажеттілігін атап өтті.

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика