Ұлттың денсаулығы

Паралимпиадалық ойындардың чемпионы 50 мың долларға ие болады

Риода өтетін XV жазғы паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін ақшалай сыйақы көлемі бекітілді. Бұл туралы бүгін паралимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың қатысуы мен дайындығын пысықтау жөніндегі жедел штабтың отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 11:38

«Спортшыларды ынталандыру мақсатында Үкіметтің қаулысымен чемпиондар мен жүлдегерлерге берілетін ақшалай сыйақының көлемі бекітілді. Бірінші орынға 50 мың доллар, екінші орынға 35 мың доллар, үшінші орынға 25 мың доллар белгіленіп отыр. Осылайша, алтыншы орынға дейін сыйақы беріледі», - дейді Е.Қанағатов.

Бұдан бөлек, паралимпиада ойындарының жеңімпаздарын, сондай-ақ бапкерлерді ай сайынғы төлемақы және баспанамен қамту жағы қарастырылған.

«Заңға сәйкес, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарда чемпион болған спортшылар мен бапкерлерді ай сайынғы материалдық төлемқымен қамтудың нормалары айқындалған, оның көлемі – 24 айлық есептік көрсеткіш. Бұдан бөлек, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың жеңімпздары мен жүлдегерлеріне баспана берудің нормалары да қарастырылған. Мұндай қолдау тек Олимпиада ойындарының чемпиондары үшін болған еді. Енді жаңа заң арқылы паралимпиадалық ойындарға қатысушыларды да қамтып отырмыз. Енді тек осы көмекті алатын чемпиондар мен жүлдегерлер керек», - дейді  Е.Қанағатов.

Айта кетейік, XV жазғы паралимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 7-18 қыркүйек аралығында өтеді. Дүбірлі додада 23 спорт түрінен 528 медаль жиынтығы сарапқа салынбақшы. XV жазғы паралимпиада ойындарына Қазақстан кемінде 10 лицензия жеңіп алу міндетін қойып отыр.

 




Яндекс.Метрика