Басқару

Е.Бахмутова: «Самұрық-Қазына» корпоративтік басқару кодексі ЭЫДҰ стандартына сай

«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқару кодексі ЭЫДҰ стандартына сай, деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атқарушы директоры Елена Бахмутова Астандағы «Корпоротивтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарас» атты Ұлттық форумда.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 11:41

«Трансформация бағдарламасы , сондай-ақ, жекешелендіру бағдарламасы, Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру қазақстандық компаниялардың корпоротивтік басқаруын жеделдетуді қажет етеді. Біз қорда бұл істі бастадық, 2015 жылы корпоротивтік басқарудың жаңа кодексі әзірленді. Бұл кодекс  ЭЫДҰ стандартына толық сай», - деді Е.Бахмутова.

Оның айтуынша, кодекс квазимемлекеттік сектор үшін де жеке сектор үшін де типтік бола алады.

«Біз ұстанып отырған негізгі мақсат біз компанияларды акционерлердің қатысуымен қарастырамыз. Біз басынан бастап біздің компанияларда миноретарлық акционер барын ескеріп, олардың қызығушылығы мен құқығын бұзбауды ескеріп отырамыз. Бұл кодекс тек квазимемлекеттік қана емес, жеке сектор үшін де типтік бола алады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика