Басқару

«Самұрық-Қазына» қоры 6 компанияда трансформация бағдарламасын бастады

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 6 компанияда трансформация бағдарламасын бастады: «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ, деп «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма директоры Елена Бахмутова «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты Ұлттық форум барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 11:32

«Самұрық-Қазына» қоры үшін үздік корпоративтік басқарма енгізілді – бұл маңызды тапсырмалдардың бірі және тәжірибе жүзінде міндетті түрде керек. Сіздер білесіздер, 2014 жылдың 6 қазан айында Мемлекет басшысы қордың трансформация бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама түбегейлі түрде Қордың компаниялар тобының барлық тобының тиімділігін өзгертуге және жақсартуға арналған. Және үш негізгі бағыттан тұрады. Бірінші – құнының өсуі, екінші - портфелді қайта құрылымдау және үшінші - корпоративтік басқару. Бағдарлама іске қосылды жәнебіздің жетекші компанияларда жүзеге асырылуда, көбінесе, алтауында – бұл «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «KEGOC» АҚ»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Астанада «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар»  атты ұлттық форум өтуде. Форумға қатысу үшін 150-ден астам мемлекеттік орган өкілдері шақырылған. Қазақстанда корпоративтік басқарманы өзекті дамытып келе жатқан ұйымдар төрағалары – ҚР Ұлттық Банкі, KASE, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» АҚ, ҚР «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік және жеке меншік саласындағы компаниялар, халықаралық ұйымдардың өкілдері.  

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика