Басқару

ҚР ҰКП корпоративтік басқарманың ұлттық үйлестіру кеңесін құруды ұсынды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы корпоративтік басқарма мәселесі бойынша диалог алаңына шығуға және ұлттық үйлестіру кеңесін құруға дайын. Бұл туралы ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов «Корпоративті басқару: Қазақстанға инвестиция тартудың жаңа көзқарасы» атты ұлттық форумда айтты.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 11:29

«Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде корпоративтік басқарма мәселесі бойынша диалог алаңына шығуға және міндетті түрде ұлттық үйлестіру кеңесін құруға дайынбыз. Ол жерде ұлттық холдингтер, банктер, шағын және орта бизнес субъектілері болуы керек. Халықаралық деңгейге жақын Ұлттық стандартқа сәйкес шаблон жасалуы керек. Бизнестің әр санатында өз стандарттары болуы қажет»,-деді ол.

Р.Жүрсіновтың ойынша, корпоративтік басқарманың негіздемелік қағидасына сай өзара ынтымақтастыққа құрметпен қарау, даму үшін қолайлы жағдай жасау сияқты мәселелер басты бағыттардың бірі болуы керек.

«Негізі палата диалог алаңы болып есептеледі. Бізге Самұрық қазына» қоры, «Бәйтерек» қоры және ҚР Ұлттық банкінің қаржылық ұйымдары сияқты барлық қатысушылардың назарын өзімізге аударуымыз қажет. Қазақстанда корпоративтік басқармамен бәрі айналысады. Дегенмен, күш жұмылдыруымыз керек. Осыған байланысты біз шоғырланып нығаюымыз үшін өзіміздің диалог алаңымызды пайдалануды ұсынамыз. «Самұрық қазына» өте жақсы корпоративтік басқарма кодексін қабылдады ғой. Осы тұрғыда біз де өз мүддемізден шет қалмауымыз керек»,-деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика