Басқару

Ұлттық валютадағы депозитер 307 млрд теңгеге көбейді – Ұлттық банк

Ұлттық валютадағы депозитер 307 млрд теңгеге көбейді. деді Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты Ұлттық форум барысында.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 11:24

«Соңғы кезде валюталық нарықта жағдайдың тұрақталуы байқалуда.  Банктерде теңгелік депозит көлемі көбеюде. Біз халық тарапынан шетелдік валютаға деген сұранастың азаюын көріп отырмыз. Қаңтарда халық айырбастау пункттерінен 213 млн доллар сатып алды.  Бұл соңғы 10 жылдағы ең аз көрсеткіш», - деді ол.

Ұлттық  банк басшысы атап өткендей, алғашқы рет айырбастау пункттерінде халықтың шетелдік валютаны көп мөлшерде сатып алмағандағы байқалды.  Ақпан айында халық 277 млн доллар шетелдік валютаны сатып алған.

«Жалпы, ақпан айы мен наурыз айының бірінші жартысының қорытындысы бойынша депозит үлесінің өсімі  байқалып отыр. Ұлттық валютадағы депозит құны 307 млрд теңгеге өсті.  Халық депозиті 96 млрд теңгеге көбейді», - деді ол




Яндекс.Метрика