Ұлттың денсаулығы

Е.Қанағатов: Допингке қойылатын талапты күшейту керек

Допингке қойылатын талапты күшейтіп, жандандыру керек. Комитет антидопингтік ұйыммен бірге оны қолданатындарды анықтауы тиіс. Бұл туралы ҚР МСК Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов 2016 жылы 7-18 қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XV жазғы паралимпиада ойындарына қазақстандық спортсмендерді қатыстыру мен дайындау бойынша жедел қызметкерлерінің отырысында айтып өтті.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 11:19

«Біздің параолимпиадашыларымызға арнайы спорт киімдері жасалады. Сонымен бірге, айта кететін жайт, допингке қойылатын талапты күшейтіп, жандандыру керек. Барлық әлемде осы сынды жұмыстар атқарылуда»,-деді Е.Қанағатов.

Төрағаның атап өткеніндей, Комитет антидопингтік ұйыммен бірге оны қолданатындарды анықтауы тиіс.

«Осы сынды фактілер жоқ, дегенмен профилактикалық жұмыс жасауымыз керек. Бүкіл әлемдік антидопингтік ұйым тек олимпиадашыларды ғана тексеріп қоймай, параолимпиадашыларды да тексереді. Біздің спортшылар «таза» болуы тиіс»,-деді ол.

Айта кетейік, XV жазғы паралимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 7-18 қыркүйек аралығында өтеді. Ол жерде 160 елдің 4 мыңнан астам спортшылары қатысады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика