Басқару

Д.Ақышев: Ұлттық банк құнды қағаздарды дамытудың концептуальді бағытын ұсынуды жоспарлап отыр

Ұлттық банк жақын уақытта құнды қағаз нарығын дамытудың концептуальді бағытын ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР Ұлттық банк төрағасы Дания Ақышев.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 11:16

«Ұлттық банк жақын уақытта құнды қағаз нарығын дамытудың концептуальді бағытын ұсынуды жоспарлап отыр. Біз барынша құнды қағаз нарығын реттеп отыру тұрғысынан ырықтандыруды жоспарлап отырмыз.  Оны баламалы акция мен облигация нарығын ұйымдастыру жолымен жүзеге асырмақпыз»,-деп хабарлады ҚР Ұлттық банк төрағасы «Корпоративті басқару: Қазақстанға инвестиция тартудың жаңа көзқарасы» атты форумда.

Ұлттық банк басшысының атап өтуінше, «баламалы нарықтың басымдылығы сол – барлық санаттағы инвесторлар мен эмитенттер үшін қолжетімді болады. Сонымен қатар, операциялар жасауда шқандай шектеу болмайды және еркін баға белгілеу мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, алып-сатарлық кірістерді алу мүмкіндігіне шектеу қойылады».

«Бұл құнды қағаз нарығындағы тәуекелді модель. Жекелеген инвесторлардың өз тәуекелі үшін жауапкершіліктері жоғарылайды. Бұл өз кезегінде қор нарығына инверторларды тартуы мүмкін. Халықтық IPO «Қазтрансойл» тәжірибесі көрсеткендей, акция аясында қор нарығындағы жекелеген инвесторлардың саны 9 мыңнан 54 мыңға дейін артты. Әлеуметтік желі арқылы тіркелген жеке жазылушылар IPO арқылы жазылғандардан әлде қайда көп. Сондықтан, алға ұмтылуға негіз бар»,-деп түсіндірді Д.Ақышев.




Яндекс.Метрика