Үкімет

Д.Ақышев: 1 сәуірден бастап Ұлттық банк ақша нарығының күнделікті операцияларының ақпаратын жариялайды

1 сәуірден бастап Ұлттық банк өз сайтында ақша нарығының күнделікті операцияларының ақпаратын жариялайды, деп ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Әкішев«Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты Ұлттық форум барысында айтты.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 10:59

«Ұлттық банк саяси акшалы несиенің ойдағыдай іске асуы аясында біршама шараларды орындауды жоспарлауда, соның ішінде қызметтің ашықтығын арттыру және ақшалы-несие саясаты. 1 сәуірден бастап Ұлттық банк ай сайын валюта нарығындағы араласу мөлшерін жариялайды, ақпарат Ұлттық банктің сайтында жарияланады»,-деді ол.

«Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап Ұлттық банк өз сайтында  ақша нарығының күнделікті операцияларының ақпаратын жариялайды»,-деді Д.Әкішев.

Естерінізге сала кетейік, Астанада «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар»  атты ұлттық форум өтуде. Форумға қатысу үшін 150-ден астам мемлекеттік орган өкілдері шақырылған. Қазақстанда корпоративтік басқарманы өзекті дамытып келе жатқан ұйымдар төрағалары – ҚР Ұлттық Банкі, KASE, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» АҚ, ҚР «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік және жеке меншік саласындағы компаниялар, халықаралық ұйымдардың өкілдері.  




Яндекс.Метрика