Үкімет

Корпоративтік басқаруды жетілдіру Қазақстан экономикасының дамуының маңызды элементі болып табылады – Б.Сағынтаев

Корпоративтік басқаруды жетілдіру Қазақстан экономикасының дамуының маңызды элементі болып табылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.
Нұр-Сұлтан30 Наурыз , 10:52

«Корпоративтік басқаруды жетілдіру ел экономикасының дамуының маңызды элементі, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің 30 дамыған мемлекетінің қатарына енуге қажетті шарт болып табылады», - деді «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарас» Ұлттық форумы барысында Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, соңғы уақытта әлем экономикасындағы жағдайдың айтарлықтай нашарлауы байқалған, дағдарыс барлық бағыттар бойынша өршіп келеді, ол дамушы ғана емес, дамыған елдерге де әсер етті. Осыған байланысты Б.Сағынтаев осындай қиын жағдайда аталған форумды өткізу корпоративтік басқару іс-тәжірибесін жақсарту арқылы бизнес қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталғанын және еліміз үшін өте маңызды болып табылатынын айтып өтті.

«2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы және көмірсутектер бағаларының төмендеуімен, валюта бағамдарының күрт өзгерумен байланысты қазіргі қалыптасқан жағдай кез келген компанияның табысқа жетер жолында күтпеген қиындықтар болатынын көрсетті. Бұл сондай-ақ тиісті корпоративтік басқару және мықты менеджмент аса маңызды екенін көрсетеді. Корпоративтік басқару компанияларға бизнес ортадағы күтпеген өзгерістерге тезірек бейімделуге көмектеседі және дағдарыс болған жағдайда практиктер компанияларға тезірек трансформация жасап, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ сәйкес қызметтер мен міндеттерді бөлуге, тиімді коммуникациялық стратегияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп баса айтты ол.

Мұндай әрекеттер, вице-премьердің айтуынша, компанияларға залалды азайтуға көмектеседі.

 

 




Яндекс.Метрика