Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазан дистрибьютерлері қазақстандық дәрілер мен рентген жабдықтарын сатып алуға мүдделі

2016 жылы Ресей Федерациясының жақын аймақтарына қазақстандық шикізаттық емес экспортты жөнелту үшін қазақстандық өнімдердің тұсаукесері өтеді. Аталмыш жұмыстың аясында KAZNEX INVEST Татарстандағы Қазақстанның бас консульдығымен бірлесіп, қазақстандық тауар өндірушілердің дүниесін өткізу мақсатында құрылыс тауарларын, рентген жабдықтарын, дәрі-дәрмектерді, азық-түлік пен сусындарды Қазан қаласына саудалау туралы жұмыстар жүргізді.
Әлемде 30 Наурыз, 14:32

Компанияның хабарлауынша, бұл шараның келісім серіктесі ретінде Татарстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы таңдалоып отыр.

Сауда миссиясын орындау барысында қазақстандық кәсіпорындар Татарстан республикасының денсаулық сақтау министрлігінің, экономика, сауда және өнеркәсіп сала өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Қазақстандық тауарөндірушілер мен Татарстан дистрибьютерлерінің кездесуіндегі сауда миссиясының алдын-ала қорытындысы бойынша қазандықтар жалпы сомасы 3,5 млн. доллар болатын қазақстандық дәрі-дәрмек пен, рентген жабдықтарын, кондитерлік өнімдерді және суықтай сығындалған май өнімдерін сатып алуға мүдделілік танытты.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұлттық туриндустрия одағының төрайымы Инна Рэй Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды. Сондай-ақ, Татарстан Мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары Екатерина Барабановамен және Татарстанның ірі туристік опреаторларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен ынтымақтастықта жұмыс істеу мәселелерін талқыланды.

И.Рэй Қазаннан Астанаға тікелей рейстің ашылуы маңызды екенін атап өтіп, өзара ынтымақтастықта болу туралы ойын жеткізді.





Яндекс.Метрика