Ұлттың денсаулығы

Рио паралимпиада ойындарына спорттың 6 түрінен кемінде 10 лицензия жеңіп алу міндеті тұр (ФОТО)

Риода өтетін XV жазғы паралимпиада ойындарына Қазақстан кемінде 10 лицензия жеңіп алу міндетін қойып отыр. Бұл туралы бүгін паралимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың қатысуы мен дайындығын пысықтау жөніндегі жедел штабтың отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты.
Нұр-Сұлтан 30 Наурыз, 10:38

«Лондондағы паралимпиада ойындарына 7 спортшы 3 спорт түрінен қатысқан болатын. Оның ішінде үшеуі ондыққа кірді. Қазіргі таңда ұлттық құрама команданың алдында осы нәтижені жоғары деңгейге жеткізіп, 6 спорт түрінен кемінде 10 лицензия жеңіп алу міндеті қойылып отыр. Паралимпиада ойында Олимпиада ойындарынан кейін екі аптадан кейін сол спорттық алаңдарда өтеді», - деді Е.Қанағатов.

«Жалпы, Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында елімізде спорт даму үстінде, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі спортшыларды баулуға арналған іс-шаралар да көп. Паралимпиадалық ойындарға дайындық, құрама командаға жағдай жасау мәселелері біздің бақылауымызда», - деп толықтырды ол.

Айта кетейік, XV жазғы паралимпиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 7-18 қыркүйек аралығында өтеді. 





Яндекс.Метрика