Өңірлер

«Өз үйім» бағдарламасы дағдарысқа қарсы шаралар аясында жүзеге асырылды

“Өз үйім” бағдарламасы дағдарысқа қарсы шаралар аясында жүзеге асырылды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Евгеньевич Шарыгинның брифингі өтті.
Жамбыл30 Наурыз , 12:51

Банк жүзеге асыратын Тұрғын үй құрылыс жинақ  жүйесі елімізде 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Осы уақыт аралығында Қазақстандық 100 мың отбасыны баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуге үлкен септігін тигізді. Мемлекет басшысы ҚТЖ жүйесінің тиімділігін ерекше айта келе, ағымдағы жылы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі»  арқылы кредиттік тұрғын үй  құрылысына 149 млрд. тенге қосымша қаржысын бөлуді  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне тапсырды.

Оның  22 млрд. теңгесі Банк салымшыларына кредит беруге бағытталса, қалған 127 , млрд. теңге әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысына «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингіне»  бағытталады.  Қаражат екі бағыт бойынша:  67 млрд. теңгесі Жергілікті атқарушы органдар арқылы және 60 млрд. теңге көлеміндегі қаражат  «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ға  жұмсалады.

Тұтас алғанда, Мемлекет басшысының тапрсырмасымен бөлінген қаражатқа 2 жылдың ішінде 14 мың пәтер қатарын құрайтын 814 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Тұрғын үй Қазақстанның барлық өңірлерінде салынатын болады.

Сонымен қатар, әлеуметтік тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражат 20 жылға арналғандығын ескерген жөн. Қаражаттың айналым кезеңі 1,5-2 жылға есептелген. Және соңғы 10 жылда  4,5  миллион шаршы метрді құрайтын  баспана салу жоспарланып отыр.        

«Бәйтерек девелопмент» АҚ желісімен сатылған  пәтерлер толығымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына беріледі.Ал, жергілікті атқарушы органдар  желісімен  қаржыландырылған тұрғын үй, құрылыс мына қағидалар бойынша: 50%- ҚТҚЖБ салымшылары,   50% - ЖАО кезектегі адамдарына беріледі.

Бұдан былай, болашақ тұрғын үйлерді жобалау кезеңінде  ҚТҚЖБ-ның және оның клиенттерінің ұсыныстары ескерілетін болады. Әр шаршы метрдің  құны мемлекеттік сараптама өткеннен кейін белгілі болады, сондай-ақ «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша әр шаршы метр үшін өңірлердегі баға 180 000 теңгеден аспайды, Алматы мен Астана қалаларында 200 000 теңге болады. Ал, жергілікті атқарушы органдар желісімен бекітілген бір шаршы метрдің  бағасы – өңірлерде 140 000  теңге болса,  Астана мен Алматы қалаларында 180 000  теңге болады.

«Өз үйім» бағдарламасы тұрғын үй құрылысын дамытуға және қалың бұқара топтарына баспананың қолжетімді болуын арттыруды қамтамасыз етуге  бағытталған  дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында, Банктің ЖАО-мен, ЕДБ-мен және дербес құрылыс салушылармен әрекеттестігі кезінде  жасалынып шығарды.     

«Өз үйім» бағдарламасының талаптары  банктің алдын ала, аралық және тұрғын үй заемдары талаптарымен бірдей. Тиісінше, «Өз үйім» бағдарламасы арқылы баспана алу үшін таңдалған пәтер сомасының 50%-ын жинақтау қажет. Алайда, қазіргі уақытта Банк қосымша жеңілдігі бар талаптар жасалынып жатыр және осыған қатысты өзгертулер болуы мүмкін.     

Бұл бірегей бағдарламаның басқа бағдарламалардан  артықшылығы: салымшыға нысанды  таңдау құқығы беріледі және Банктің сайтындағы  «Жеке кабинетінде»  дауыс бере алады. Көп дауыс жинап үлгерген  және іс-жүзінде ҚТҚЖБ-да   өзіндік сатып алушылар пулы бар бұл  жоба басымдық берілген тәртіппен  жүзеге асырылады.

«Өз үйім»  бағдарламасының қатысушысы міндетті түрде ҚТҚЖБ-ның салымшысы болуы керек. Алматы мен Астана қалаларында үздіксіз тіркеуде тұру талабы да жоқ. Үй сатып алу кезінде ең алдымен баспанасы жоқ салымшыларға басымдық беріледі, алайда жекеменшік баспанасы бар салымшылар да осы Бағдарламаның қатысушы атана алады.

ҚТҚЖБ-мен ынтымақтастыққа мүдделі құрылыс салушылар Банкке өз жобаларын ұсынуы қажет болады. Сонымен қатар, олар мынадай кейбір талаптарға сай келуі керек: өз меншігінде жер телімі бар немесе сүрмелі инженерлік желілі жерді ұзақмерзімді пайдаланған; техникалық-экономикалық көрсеткіштер және құрылыс нысанына құн бойынша мемлекеттік-сараптамалық  ұйыммен өткізілген идарадан тыс кешенді сараптамасы жағымды жасалуымен ӨҮБ бар болуы керек. Тұрғын үй кешенінің класты жайлылығы  ҚР ҚНмЕ-мен  белгіленген тұрғын үй параметріне сәйкес  - 4 (төртінші) класты және одан жоғары.

Астана мен Алматы қалаларында  таза әрленген  тұрғын үйді сатудың  орташа бағасы - 1 шаршы метріне  200 мың теңгені құраса, ал Атырау, Ақтау, Өскемен қалаларында – 180 мың теңгені құрайды.  Құрылыстағы бағаның индексінің өзгеруіне сәйкес 2017 жылдан бастап бағаға  жылдық өзгерту жасау арқылы  қалған өңірлерде – 165  мың теңгені құрайтын болады.

Бағдарламаның мақсатты көрсеткішіні сәйкес, 2022 жылға дейін көлемі 1,5 млн.  шаршы метрден кем емес құрылыс салу қарастарылды. 2016 жылы 350 мың шаршы метр құрылыс салынады. Құрылыс барлық өңірлерде жүргізілетіндіктен,  өңірлер арасында шектеу болмайды.

                  




Яндекс.Метрика