Өңірлер

Жамбыл облысында 12 көппәтерлі үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысында 12 көппәтерлі үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Евгеньевич Шарыгин хабарлады.
Жамбыл30 Наурыз , 10:04

Банк Өңірлерді дамытудың  2020 жылға дейінгі мемлекеттік  бағдарламасының екі бағыты бойынша: «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» және «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» операторы болып табылады. ҚТҚЖБ  тұрғын үйді сатып алушы мен жалға алушылардың  пулдарын қалыптастыру  және  клиенттің төлемқабілеттілігін тексеру жолдарымен тұрғын үйлерді конкурс негізінде  бөлуді қарастырады.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан бері  Жамбыл облысында 12 көппәтерлі  үй пайдалануға берілді. Солардың қатарында:  «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 23,7 мың ш.м. құрайтын 390 пәтерлі 5үй;. «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 31,6 мың ш.м. құрайтын 399 пәтерлі 7 тұрғын үй пайдалануға берілді.




Яндекс.Метрика