Өңірлер

Биыл Жамбыл облысында 80 пәтерлік үй пайдалануға беріледі

Биыл Жамбыл облысында 80 пәтерлік үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Евгеньевич Шарыгин хабарлады.
Жамбыл30 Наурыз , 08:41

«2016 жылы Өңірлерді дамытудың  2020 жылға дейінгі  бағдарламасы аясында Арай тұрғын үй кешенінде орналасқан жалпы ауданы 6,179 мың ш.м. құрайтын 80 пәтерлі үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Пулға қатысу үшін өтініш беру ағымдағы жылдың 3 тамызында басталып, 3 қазанға дейін жалғасады. Сонымен қатар, тұрғын үйдің бағасы өзгеріссіз қалады және 1 шаршы метр үшін құн - 116 мың теңгені құрайды»,- деді спикер.




Яндекс.Метрика