Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ұлт жоспары аясында сот жүйесін жаңғырту жұмысы істі қарастыруды екі есеге қысқартты (ВИДЕО)

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында сот жүйесін жаңғырту жұмысы істі қарастыруды екі есеге қысқартты, деп ҚР Жоғары Сотының судясы Елена Максютова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 29 Наурыз, 19:42

«Бұрындары сот жүйесі мекен-жайына көптеген сыни пікірлер келіп жатты, яғни сот процесі ұзақ уақыт өтіп, қызметке ұзақ кіріседі деген. Барлық 5 қадам өткенше: бірінші инстанцияның соты, апелляциялық инстанция, кассациялық, бақылау, қайта бақылау, оларға көп уақыт керек болды. Өткен жылы өзгертулер енгізілді және 1 қаңтардан бастап төрт сатылы жүйе жұмысқа кірісті. Бірінші инстанцияның соты – аудан соты. Олар істі мәні бойынша қарастырады. Екінші инстанцияның соты (апелляциялық)- облыс соты, Жоғары сот – бол кассациялық инстанцияның соты»,-деді Е.Максюта.

Сонымен қатар, кесу кезінде қысқарту екі есе болады, ендігі кезде бір істі 6 ай көлемінде қарастыратын болады.

«Мысалы үшін, азаматтық іс бойынша бұзылған құқықтарын қорғау үшін келген адамдарға ең бастысы заң күшіне еніп, орындалуға кеткені маңызды. Егер оның құқықтары бұзылған болса, өз құқықғын қалпына тез келтірген жағдайда, сот жүйесі де тиімді болады. Бірінші инстанциялы сотта екі айда іс қаралады және әрі қарай ай бойынша. Шешім неғұрлым заң күшіне енгенде, барлық шағымданулар аяқталып, олар толығымен орындалады. Олардың құқықтарын қорғау қалпына келтіріледі»,- деп ҚР Жоғары сотының судьясы түсіндірді.

Естерінізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 16 қадамын іске асыру аясында сот төрелігіне азаматтардың қол жеткізуін жеңілдету үшін сот жүйесі сатыларының оңтайлануы  қарастырылған. Бес қадамдық жүйелі әділ соты үш деңгейлікке көшті.

Анар Тәңірқұлова





Яндекс.Метрика