Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР Ішкі істер органдарындағы заңдылықтың сақталуы ведомствоның Қоғамдық кеңесінде қаралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Ведомствоның хабарлауынша, отырыста Ішкі істер органдарындағы заңдылықтың және тәртіптің сақталуына қатысты атқарылып жатқан шаралар мен оның жай-күйі туралы, сондай-ақ Кеңес қызметінің күнделікті сұрақтары қаралды.
Астана қаласы 29 Наурыз, 19:24

Сонымен қатар, министрлік қызметін ұйымдастыруды жетілдіру сұрақтары, яғни полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік этика нормаларын сақтауы бойынша мәселелер қарастырылды.

Отырыста қоғамдық маңызы бар міндеттерді атқару барысында ішкі істер органдарының кеңес мүшелерінің белсенді ат салысуына қарамастан полицияға қоғамның көмегі әрдайым қажет екендігі атап өтілді.
Бұл полиция қызметіне деген объективті қоғамдық көзқарасты қалыптастыру, ІІО қызметінің беделін көтеру, жол жүрісі қауіпсіздігі, заңсыз есірткі айналымына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сынды сұрақтар.  
Отырыс барысында Кеңес мүшелерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру жұмыстары да қаралды. ІІМ-нің ведомстволық веб-порталының басты бетінде «Қоғамдық кеңес» айдары бар, онда азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі толық жазылған.
Қоғамдық кеңес мүшелері айына екі рет азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді. Қоғамдық кеңеске ведомстволық веб-портал арқылы, немесе «Электронды үкімет» порталы арқылы өтініш қалдыруға болады. Сондай-ақ ІІМ ғимаратының фойесінде Қоғамдық кеңеске өтініш беру үшін арнайы жәшіктер орнатылған. 
Өңірлерде әкімдіктер жанындағы жергілікті қоғамдық кеңестер, сонымен қатар азаматтардың өтінішін қарастыруға өкілетті  ІІД жанындағы кеңес беру органдары жұмыс істейді.  ІІМ Қоғамдық қызметі туралы барлық қажетті ақпарат веб-порталдың тиісті бөлігінде орналастырылған.
Отырыстың нәтижесі бойынша ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын, қоғамдық мониторигті және оның нәтижелерін іске асыруға негізделген есеп берулерді қоғамдық тыңдауды қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шаралар қабылдау ұсынылды.





Яндекс.Метрика