Өңірлер

Павлодар облысында көктемгі егіс жұмыстарына 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді

Биылғы жылы «ҚазАгро» АҚ-ың құрылымдық бөлімшелері өңірдің ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 1,2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөліп отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар29 Наурыз , 19:08

«Суармалы егістік алқаптарының ауданын 2018 жылға қарай 52 мың гектарға дейін ұлғайту бойынша Іс-шаралар жоспарының шеңберінде биыл 4,0 мың гектар жерді айналымға енгізу көзделген.Машина-трактор паркінің дайындығы 92 пайызды, ауыл шаруашылығы құралдарының дайындығы 90 пайызды құрады. Көктемгі кампанияда 128 егіс кешендері қатысады», - делінген хабарламада.

Облыс бойынша көктемгі егіс жұмыстарына 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Операторлардың қызметін есепке алғанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жағармай құны литріне 82 теңгені құрайды. Бұл нарықтағы бағадан 17 пайызға төмен.

Осы мәселені қорытындылай келе әкім облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мен «КазАгро» АҚ-ың құрылымдық бөлімшелеріне көктемгі егіс жұмыстарына несие беруді қамтамасыз ету; қалалар мен аудандардың әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасына - арзандатылған дизель отынын берілген уақытында тасымалдануын жүргізу; көктемгі-егістік жұмыстарын «Павлодар ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ің ұсыныстары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді тиімді мерзімде өткізу бойынша шараларды қолдану жөнінде тапсырмалар берді.




Яндекс.Метрика