Халықаралық интеграция

Астана мен Пенза облысы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуда

РФ Пенза облысының губернаторы Иван Белозерцев бастаған делегация Астанаға үш күндік ресми сапармен келді. Сапардың басты мақсаты – экономикалық және гуманитарлық екіжақты қарым-қатынасты нығайту, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы29 Наурыз , 18:51

Ресейлік делегация Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Елорда басшысы аймақтар арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзара қарым-қатынастың негізі дәстүрлі тарихи байланыстар ғана емес, сондай-ақ, нақты практикалық байланыстар болып табылатынын атап өтті.  

«Біз Пенза облысымен серіктестік қарым-қатынасты тереңдетуге және жүйелі түрде кеңейтуге көп мән береміз», - деді Ә. Жақсыбеков. Елорда әкімі аймақ басшысының сапары көрші мемлекеттердің аймақтары арасындағы достықты нығайтуға және оны одан әрі дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Төрт жылдан бері Астана мен Пенза облысының арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы екі жақты келісім әрекет етуде. Атап айтқанда, аймақтар арасында азық-түліктік және ауыл шаруашылық салаларда белсенді сауда жүргізіледі. Осы сапар аясында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ.

Пенза облысының губернаторыАстана қаласының әкіміне қонақжайлылығы мен Қазақстанның жас астанасының дамуымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

«Бүгінде Астана жетістікке қол жеткізді. Қазіргі заманғы тұрғын үй, мәдениет және спорт нысандары құрылысының қарқыны таң қалдырады. Бұған кеше қаланы аралаған кезде тағы да көз жеткіздік. Бұл қонақжай жер, адам капиталын тартатын орталық, қарқынды экономикалық даму аумағы болып табылатыны сөзсіз», - деді И. Белозерцев. Губернатор Пенза облысы үшін аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екендігін атап өтті.

Пенза облысы делегациясының құрамына облыстық Заң шығарушылық жиналыстың төрағасы Валерий Лидин, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, бизнес-қоғамдастықтардың, сауда-өнеркәсіптік палата өкілдері, кәсіпорындардың, облыстық қаржылық және білім беру мекемелерінің  басшылары енген.

Бүгін Астана әкімдігі мен Пенза облысы Үкіметінің денсаулық сақтау, білім, мәдениет және туризм салаларындағы профильді құрылымдарының өкілдері жұмыс кезедсулерін өткізеді. Сонымен қатар, делегация EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында болады.

Пенза облысының губернаторыАстана қаласы әкімінің келер жылы кеңейтілген делегациямен Астанаға келуге шақыруын қабыл алды. И.Белозерцев аймақ тұрғындарының алдағы жылы өтетін көрмеге қуана келетінін жеткізді. Сондай-ақ, тараптар ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында Пенза облысының Астанадағы күндерін өткізу туралы уағдаласты. 

 




Яндекс.Метрика