Өңірлер

Қызылорда облысында 5 коммуналдық меншкі нысаны сатылымға қойылды

«Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-на қарасты «Жаңақорған» шипажайын жыл соңына дейін бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев мәлімдеді.
Қызылорда29 Наурыз , 18:13

Бастамашыда қаржы жоқтығына байланысты «Жаңақорған шипажай» ЖШС сатылмады. Енді бұл үшін екінші деңгейлі банктен несие алу мәселесі шешілуде. Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде былтыр облыстағы коммуналдық кәсіпорын – салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы төрт рет сауда-саттыққа шығарылып, сатып алушы болмағандықтан коммерциялық тендерлер өтпеді деп танылған-ды. 

« Жаңа жоспарға сәйкес жекешеленуі тиіс коммуналдық меншіктің 5 объектісі анықталды. Олардың қатарында «Байқоңыр» корпорациясына қарасты «АгроХолдинг Байқоңыр», «Жаңақорған шипажайы», «Қызылорда құс фабрикасы», «Арал балық өңдеу зауыты», «КазРосИнновация», «Жан-Арай Жем» серіктестіктері де бар», - деді басқарма басшысы.

 




Яндекс.Метрика