Ұлттың денсаулығы

70-тен астам параспортшылар жүзуден ҚР чемпионатына қатысты (ФОТО)

Қарағанды қаласындағы Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайында қимыл-тірек аппараты, көру қызметі бұзылған адамдар арасында жүзуден Қазақстан жастар чемпионаты өтті.
Қарағанды 29 Наурыз, 20:26

ҚР Ұлттық параспортшылар комитетінде хабарлағандай, жарысқа Алматы, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстар мен Астана қаласынан 70-тен астам спортшы қатысқан. Барлығы 30 кешенді медаль ұтысқа салынды, жүлделі орындардың көбісін Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысы иемденді.

Барлығының ішінен көзге түскендірдің бірін Сергей Самойловты айтуға болады, ол 100 және 400 метрлі еркін стильде және 100 метрлі арқамен жүзудегі қашықтықта үш рет жоғары көрсеткіш көрсетті.

Осы категория бойынша, Тараздық жүзгіш Елдос Ілясов та көзге түсті. 50 метрлік ырғу қашықтығында, 50 метрлік толқын стилінде және 50 метрлік арқамен жүзуде үш алтын медальді қанжығасына байлады.

ҚДСС спортшыларының арасында Бауыржан Қабақов, Роман шандер, Владислав Томасевич өздерінің жеке сынақтарында бірнеше медальды алды. ҚДСС  қыздарының арасында Анастасия Огнева  100 метрлі толқын стиліндегі қашықтықта және 50 метрлік арқамен жүзу қашықтығында екі алтын медальді иеленді. 





Яндекс.Метрика