Адами капитал

Орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 9,7%-ға өсті – ҰЭМ

2015 жылғы 4-тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 72 676 теңгені құрады, деп хабарлады ҰЛттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Казахстан29 Наурыз , 17:21

2015 жылдың 4-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 72 676 теңгені құрады және осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 11,9%-ға өсімі кезінде 2014 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 9,7%-ға өсті. Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары 2014 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 2,0%-ға кеміді.

«2015 жылдың 4-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Астана қаласында, Атырау облысында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1-1,9 есеге асқандығы байқалды», - делінген хабарламада.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 40-48% төмен.
2015 жылдың 4-тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 4,1 есені құрады (2014 жылғы 4-тоқсанда – 3,5 есе).

 




Яндекс.Метрика