Заманауи үлгідегі төрт қабатты ғимарат облыстық бюджет қаржысына салынып, екі қабатты ескі мектепті алмастыратын болады.
Құрылыс жұмыстарын «Строитель» ЖШС мен «ARC LTD» ЖШС жүргізуде.
Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбековтің айтуынша, жаңа мектеп ғимаратында оқушыларды еңбекке бейімдейтін бірнеше шеберхана, кең кітапхана, спортзал, асхана, жарық та жайлы оқу кабинеттері болмақ.